Атырауда алғашқы электробус қатынай бастады

0
944

Жаңа электрлі автобустар Атыраудағы жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту үшін құрылған.


Атырауда алғашқы электробус қатынай бастады

ERNUR.KZ. Атырауда №14 маршрут бағытында жаңа электрлі автобус жолға шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

14 наурызда «Yutong» маркасының жаңа электрлі автобусы сынақ режімінде жұмысқа кірісті. Жобаны «Атырау» ӘКК» АҚ жаңадан құрылған «Ақжайық Автопарк» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асыруда.

«Белгілі болғандай, электроавтобустар бірқатар артықшылықтарға ие. Олардың бастысы - дизельді отынды тұтынбайды. Сәйкесінше, қоршаған ортаға зияны жоқ», - деп хабарлады «Атырау» ӘКК» АҚ өкілі Саламат Омаров.

Айта кету керек, ұзындығы 12 метр автобуста отыру үшін - 34 және түрегеліп тұруға арналған 80 орын бар. Автокөліктің бірреттік қуаты 250 км/сағ есептелген. Электрлі көлік виделкамералармен, көрнекі ақпарат үшін мониторлармен, дабыл түймелерімен, сондай-ақ электронды жол ақысы үшін мобильді құрылғымен жабдықталған. Өндіруші компания өкілдерінің пікірінше, электрлік автобустың орташа тұтынуы дизельді отынға арналған отын үнемдеуі шамамен 6,5 га құрайды.

«Егер 1 шақырымға тұтынылатын 1 кВт/сағатының құны 15 тг болса, 1 шақырымға жұмсалған 400 грамм дизель отыны 100 тг құрайды. Осындай электрлі автобустар Ақтау қаласында қазіргі таңда «қала - әуежай - қала» бағытында қатынайды», - деп хабарлады «Сарыарқа Автопром» ЖШС жобасының үйлестірушісі Роман Кривопаленко.

Айта кетейік, жаңа электрлі автобустар Атыраудағы жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту үшін құрылған «Ақжайық Автопарк» ЖШС-ға тиесілі. Қазіргі кезде компания «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен 30 жаңа автобус сатып алды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы 100 осындай автобус сатып алу жоспарланып отыр.