Атырауда алып жігіт ресми түрде ең ұзын қазақстандық деп танылды

0
448

Парасаттың бойы - 218,5 см, салмағы - 150 кг.


Атырауда алып жігіт ресми түрде ең ұзын қазақстандық деп танылды

ERNUR.KZ. Атырау облысы Индер ауданының тұрғыны Парасат Нұрғалиев Қазақстан рекордтар кітабына "Еліміздегі ең алып адам" ретінде енді, деп жазады stan.kz.

Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергеновтің ақпараты бойынша, алып ресми мәртебесінен бөлек, Парасат еліміздегі ең үлкен аяқ иесі, оның аяқ өлшемі – 56.

Айта кетейік, Парасаттың бойы - 218,5 см, салмағы - 150 кг.

Бұдан бұрын жігіт "қалыпты салмақтағы қарапайым сәби болып өмірге келгенін және басқа балалардан еш айырмашылығы болмағанын" айтқан еді. Алтыншы сыныптан кейін Парасаттың бойы бірден өсе бастаған.