Атырауда арбаға таңылған ер адамды 10 жыл бойы құлдықта ұстаған (видео)

0
1 260

Күн сайын көшеде қайыр сұрап, тапқанын асыраушыларына беріп отырған.


Атырауда арбаға таңылған ер адамды 10 жыл бойы құлдықта ұстаған (видео)

ERNUR.KZ. Атырауда арбаға таңылған ер адамды 10 жыл бойы құлдықта ұстаған, деп жазады atpress.kz.

Әлеуметтік желіде мүмкіндігі шектеулі ер адамның құлдықта отырғаны туралы бейнежазба жарияланған. Бейнежазба авторы вокзал маңында қайыр сұрап отырған ер адамның оқиғасы жайлы баяндап, арбаға таңылған жігіттің құлдыққа қалай тап болғанын сұраған.

Оның айтуынша, 2010 жылы оны асыраушылар Атырауға алып келген. Содан бері оны алдап, құлдықта ұстаған. Күн сайын көшеде қайыр сұрап, тапқанын асыраушыларына беретінін айтады.

Бұл іске қатысты Ішкі Істер Департаменті өз пікірін білдірді:

«Аталған бейнежазбаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 126 бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды» деп мәлімдеді.