Атырауда Аспа және Бесікті ауылында дамбы салынып жатыр

0
144

30-дан аса техника жұмылдырылып, су басу қаупі бар аймақтар анықталып жатыр.


Атырауда Аспа және Бесікті ауылында дамбы салынып жатыр

ERNUR.KZ. Атырау қаласы маңындағы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Аспа ауылында МКДСР мекемесімен бірігіп, су тасқынынан қорғау жұмысы жүріп жатыр, деп жазады baq.kz.

30-дан аса техника жұмылдырылып, су басу қаупі бар аймақтар анықталып жатыр.

Жайық өзені бойындағы жыра жерді геодизист мамандармен бірге барлау жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Осыған байланысты Аспа мекенінің төменгі жағына толықтай дамбы соғып шығамыз деген шешімге келдік. Одан бөлек жақын орналасқан екі тұрғын үйге қауіп болса, қауіпсіз жерге көшіреміз. Су өрісі келгенге дейін атқарылуы керек жұмыстар түгелдей жасалады, - дейді Атыраусы қала әкімінің орынбасары Серік Нсанбаев.

Жалпы, Аспа елді мекені қауіпсіз аймақта орналасқан. Бұл ауылды көшіру жөнінде осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан ұсыныстар айтылып келді. Қазіргі уақытта бұл мәселе қала әкімінің назарында.