Атырауда бірнеше полковник сотталды

0
12 799

Олар қызметтік тәртіпті өрескел бұзған.


Атырауда бірнеше полковник сотталды

ERNUR.KZ. Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, сондай-ақ оның орынбасары мен инспекторлары заңсыз сыйақы алып, жалған іссапар құжатын жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп жазады Tengrinews.kz.

"4 тамызда № 2 Атырау соты Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Төлешовті мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сондай-ақ полиция полковнигі атағынан айыра отырып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Басқарма бастығының орынбасары полиция полковнигі Жомартовты мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сондай-ақ полиция полковнигі атағынан айыра отырып, екі жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Басқарма инспекторы полиция аға лейтенанты Салахиденовты мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сондай-ақ полицияның аға лейтенанты атағынан айыра отырып, 6,7 миллион теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді", - деді Биғайдаров брифингте.

"Төлешов пен оның орынбасары Жомартов пен Салахиденов қызметкерлерге сыйақы беруге, материалдық көмек көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды, сондай-ақ облыс аудандарына қызметкерлерді іссапарға жіберу және ЖЖМ талондарын қолма-қол ақшаға айналдыру туралы жалған бұйрықтарға қол қойды", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Биғайдаров Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен:

  • қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Жылыой АІІБ-нің жедел уәкілдері полиция аға лейтенанты Керешов пен полиция капитаны Алшынов құқық қорғау органынан босатылды;
  • қарамағындағылардың жұмысына тиісті ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін Жылыой АІІБ криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Таумұрынов қызметінен босатылды, ал АІІБ бастығы полиция полковнигі Досмағұлов қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды;
  • қарамағындағылардың жұмысына тиісті ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін Жылыой АІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бимуханов қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды.