Атырауда дәріхана тоналды

0
746

Полицейлер ұрлыққа күдікті 26 жастағы ер адамды ұстаған.


Атырауда дәріхана тоналды

ERNUR.KZ. Атырау қаласында дәріхана тоналды, - деп жазады тengrinews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер 18 маусымға қараған түнде дәріхана тоналғанын мәлімдеді. Дәріхана Азаттық даңғылында орналасқан. Белгісіз біреу пластик терезені қысып кіріп, ноутбук пен дәрілерді ұрлаған.

Полицейлер ұрлыққа күдікті 26 жастағы ер адамды ұстаған. Қазір Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.