Атырауда екі шағын автобус жанып кетті

0
390

Toyota Hiace және Nissan Serena автобустары жанып кеткен.


Атырауда екі шағын автобус жанып кетті

ERNUR.KZ. Атырауда 24 мамырда Баймұханов көшесіндегі №3 қалалық емхананың маңында екі шағын автобус өртеніп кетті, деп жазады zakon.kz.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Toyota Hiace және Nissan Serena автобустары жанып кеткен.

Өрт салдарынан жақын маңдағы дүңгіршектің қабырғасы бүлінген.

Өрт 11:27-де оқшауланып, 11:31-де толығымен жойылды.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатты.



Өртті сөндіруге Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды.