Атырауда ем қабылдау бөлмесінде екпе салдырған әйел қайтыс болды

0
583

Төтенше жағдай Авангард шағынауданындағы бірінші емханада болған.


Атырауда ем қабылдау бөлмесінде екпе салдырған әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. Атырауда 51 жастағы әйел емханадағы ем қабылдау бөлмесінде екпе салдырғаннан кейін көз жұмды, деп жазады tengrinews.kz.

Төтенше жағдай Авангард шағынауданындағы бірінші емханада болған. Науқас дәрігерден рецепт алып, оны медбикелерге әкелген. Мекемедегілердің айтуынша: ешқандай қарсы көрсетілімдері болмаған, әйел ешқашан тіркеуде болмаған және жақында ғана есту қабілетінің нашарлағанына шағымдана бастаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, науқас анафилактикалық шок алған. Бұл енгізілген препаратқа ауыр аллергиялық реакция. Дәрігерлер бәрі көз алдында болғанын айтады, бірақ олар әйелді аман алып қала алмаған.

"Ол кезде шағымдар немесе бас айналу болған жоқ, бірақ бес минуттан кейін ол құлап, есінен танып қалды. Осы кезде дәрігерді шақырған, ол алғашқы медициналық көмек көрсетті, жасанды тыныс алу, жүрекке массаж жасады, адреналин, преднизолон берді. Жедел жәрдем келді, олар дереу хабарласқан. Бірақ нәтиже бермеді, әйелден айырылып қалдық", – дейді емхананың сарапшы дәрігері Дина Камелова.

Дәрігерлердің әрекетін енді Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті бағалайтын болады.