Атырауда ер адам әйелше киініп көшеге шықты (видео)

0
2 088

Ер адам үстіне қысқа көйлек, басына шляпа, бұтына копрон шұлық киген.


Атырауда ер адам әйелше киініп көшеге шықты (видео)

ERNUR.KZ. Атырауда әйелдерше киініп алып, көшені кезген ер адам жұрттың күлкісіне қалды. Бұл сәтті куәгерлердің бірі телефон камерасына түсіріп алған, деп жазады sn.kz.

Ер адам үстіне қысқа көйлек, басына шляпа, бұтына копрон шұлық киген. Еш қымсынбастан ол көліктердің алдынан өте шығады. Оның бұл киімді әдейі киген-кимегені белгісіз.

Желі қолданушылары ер адамның әрекетін алаңғасарлық деп атап, оның ақыл-есінің сау екеніне күмән келтірді. Ал, өзгелері болса мұны бәстен жеңілген соң барған қадам деп отыр.