Атырауда қаланың қақ ортасында жас жігітті атып кетті

0
816

Жарақат алған жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген.


Атырауда қаланың қақ ортасында жас жігітті атып кетті

ERNUR.KZ Атырауда 22 жастағы жігітті белгісіз біреулер атып кетті, деп жазады ktk.kz

Қанды оқиға бүгін түнде болған. Атырау қаласының Балықшы мөлтек ауданында 22 жастағы жігітті атып кеткен. Жарақат алған жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген.

"Сағат 00:00 шамасында 1999 жылы туылған азамат облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқ оң жақ қабырғасына тиген. Оған медициналық көмек көрсетіліп, емханаға жіберілді”, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті бұл қылмыс бойынша пікір білдірмеді. Күдіктілердің ұсталмағаны белгілі болды. Бұл бір түнде орын алып отырған Атырау облысындағы екінші қылмыс. Түнде Жылыой ауданында жеті баланың анасын аяусыз пышақтап, өлтіріп кеткен болатын.