Атырауда картонмен мал асырайтын жағдай жоқ – Махамбет Досмұхамбетов

1
510

​Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірде мал азығы тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.


Атырауда картонмен мал асырайтын жағдай жоқ – Махамбет Досмұхамбетов

ERNUR.KZ. Облыс басшысы «атыраулықтар төрт түлігін картонмен асырап жатыр» деген ақпараттың анық-қанығын нақтылауды сұраған журналистке жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

«Бізде шабындық жер көп емес. Шөп пен жемді Оралдан тасымалдаймыз. Қызылқоға, Құрманғазы аудандарына басқа аудандардың малшылары келіп, сол жердің шөбін шауып, малын асырайды. Атырауда картонмен мал асырайтын жағдай жоқ», – деді Махамбет Досмұхамбетов.