Атырауда қарулы есірткі сатушы ұсталды

0
388

Ер адамның жанында мылтық болған.


Атырауда қарулы есірткі сатушы ұсталды

ERNUR.KZ. Атырау полицейлері синтетикалық есірткі таратқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп жазады inbusiness.kz.

8 мамыр күні кешкі уақытта Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала көшелерінің бірінде 30 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру кезінде олардан тапанша мен төрт қап ұнтақ табылды, олардың синтетикалық есірткі екендігі анықталды.

"Тұрақты мекен-жайды тінту кезінде полиэтилен пакетке оралған ұнтақ пен ас үйде кептірілген есірткі тектес өсімдік тәркіленді. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды", делінген облыстық ПД хабарламасында.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі "Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау" бабы бойынша тергеуді бастады.

Істің егжей-тегжейлері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.