Атырауда Қазақстан туын көлігіне жапқан жүргізуші жазаланды

0
654

33 жастағы жүргізушіге айыппұл салынды.


Атырауда Қазақстан туын көлігіне жапқан жүргізуші жазаланды

ERNUR.KZ. Атырауда Атырауда Қазақстан туын көлігіне жапқан жүргізуші жазаланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек 16 тамызда жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Атырау қаласындағы Ш.Еркінов-Т.Амандосов көшелерінің қиылысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жауып келе жатқан Kia Rio автокөлігін бейнебақылау камерасына түсті. Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөлікті басқарған 33 жастағы жүргізушіні анықтады. Жүргізуші Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесін бұзған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 458-бабы 1-бөліміне сәйкес жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қысқартылған тәртіппен 72925 теңге көлемінде айыппұл салынды.