Атырауда кішкентай қыздарды зорлады деген күдікпен үш адам ұсталды

0
1 198

Зорлыққа ұшырағандар саны кем дегенде екеу екені белгілі болды.


Атырауда кішкентай қыздарды зорлады деген күдікпен үш адам ұсталды

ERNUR.KZ. Атырауда кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен үш азамат ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 3-1 бөлімі, 1-тармағы бойынша соталды тергеуді бастап кетті. Олар кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілініп отыр. 1984, 1985 және 1999 жылы туған үш жігіт қамауға алынды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс облыс прокурорының жіті назарында», - деп атап өтті облыс прокуроры аға көмекшісінің міндетін атқарушы Дәулет Аймағамбетов.

Тергеу барысында зорлыққа ұшырағандар саны кем дегенде екеу екені белгілі болды.