Атырауда қос азаматтығы бар тұрғынға 500 мың теңге айыппұл салынды

0
932

Сонымен қатар, бұл азаматша осы уақытқа дейін КР азаматының жеке куәлігін тапсырмай келген.


Атырауда қос азаматтығы бар тұрғынға 500 мың теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. 13 жыл бойы заңсыз қос азаматтықпен жүрген Атырау облысының тұрғынына 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

1998 жылы Ресей азаматына тұрмысқа шыққан азаматша (1963 жылы дүниеге келген) Ресейге көшіп, 2007 жылы РФ азаматтығын қабылдады. Алайда, ол басқа елдің азаматтығын алғаны туралы отыз күн ішінде елшілікке немесе ішкі істер органдарына хабарламаған.

Сонымен қатар, бұл азаматша осы уақытқа дейін КР азаматының жеке куәлігін тапсырмай келген.

Тексеру барысында, 2012-2019 жылдар аралығында Қазақстан аумағына бірнеше рет келіп, елден Ресей Федерациясының паспортымен шыққаны анықталды. Құрманғазы аудандық полиция бөлімі азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабының 2-бөлігі (ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.