​Атырауда қызы темекі шеккені үшін анасы жауапқа тартылды

0
2 200

Атырау соты қызының темекі шегіп, оның қалдығын қоғамдық жерге тастағаны үшін анасын жауапқа тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ


​Атырауда қызы темекі шеккені үшін анасы жауапқа тартылды

Атырау соты қызының темекі шегіп, оның қалдығын қоғамдық жерге тастағаны үшін анасын жауапқа тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435-бабымен А.ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс материалдары бойынша, оның кәмелетке толмаған 2003 жылы туған қызы Б. қоғамдық орында, яғни Геолог поселкесінде орналасқан автотұрақта темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастаған. Сонысымен қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылықты жасаған.

Сот отырысында кәмелетке толмаған Б. істің мән-жайын айтып өзінің кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді, алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтауға міндеттенді. Сотпен азаматша А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 11 785 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.