​Атырауда отбасы және татуластыру орталықтары ашылды

0
1 364

Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.


​Атырауда отбасы және татуластыру орталықтары ашылды

ERNUR.KZ. Атырау облыстық сотының бастамасымен Атырау қаласындағы Достық үйі ғимаратында «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Орталықтарды ашудың басты мақсаты дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын кеңінен қолдану, сондай-ақ, неке-отбасылық, соның ішінде, неке бұзу процесінен туындайтын даулар санын азайту болып табылады.

Өз сөзінде Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Көміршинов отбасылық құндықтарды сақтау және республика азаматтары арасында берік қарым-қатынасты нығайтуда сот жүйесі тарапынан елеулі күш-жігер жұмсалғанын атап көрсетті.

- Тәртіп пен заң өзгерсе де, отбасылық құндылықтар өзгермейтін киелі әрі мәңгілік ұғым. Барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алады. Сондықтан, осындай орталықтарды құра отырып, белгілі бір биліктің өкілі ретінде біз азаматтарға отбасын сақтауда көмек көретуге барлық жағдайларды жасауымыз қажет, - дейді Манат Көміршинов.

Айта кетейік, орталықта қызмет етуге этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, кәсіби медиаторлар, психологтар, қорғаушылар, жұмыспен қамту және дағдарыс орталықтардың өкірдері тартылды.