Атырауда өз балаларын сатты деген күдікке ілінген әйел ұсталды

0
601

Ол 1 және 2 жастағы екі баланы сатты деген күдікке ілініп отыр.


Атырауда өз балаларын сатты деген күдікке ілінген әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Атырауда БҚО-ның 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз балаларын сатты деген күдікке ілінген, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, әйел сатып алушыларды өзі тапқан. Ол 1 және 2 жастағы екі баланы сатты деген күдікке ілініп отыр. Қандай сомаға сатқаны әлі белгісіз.

Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша соталды тергеу басталды.