Атырауда ресейлік Губкин университетінің филиалы жұмысын бастайды

0
751

2 қыркүйекте С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университеті филиалының салтанатты ашылуы өтеді.


Атырауда ресейлік Губкин университетінің филиалы жұмысын бастайды

ERNUR.KZ. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университеті (ғылыми-зерттеу университеті) филиалының ашылады, деп жазады ulysmedia.kz.

2 қыркүйекте С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университеті филиалының салтанатты ашылуы өтеді. И.М. Губкин атындағы РМУ Атырау қаласындағы филиалы «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану», «Мұнай-газ технологиялары», «Мұнай мен газдың табиғи резервуарларын геологиялық модельдеу» білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді бакалавриатқа қабылдау науқанын бастады.

С.Өтебаев атындағы АтМГУ - мұнай-газ саласы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жоғары оқу орны. 2015 жылдан бастап И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен серіктестік байланыста.