Атырауда шаш жұлысқан қыздар оқудан шығып қалуы мүмкін

0
484

15 жастағы бұл қыздар - қаладағы Бизнес және құқық колледжінің І-ші курс студенттері.


Атырауда шаш жұлысқан қыздар оқудан шығып қалуы мүмкін

иллюстрациялық фото

Атырауда шаш жұлысқан қыздар оқудан шығып қалуы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Атырауда көшенің қақ ортасында шаш жұлысқан студент қыздардың әрекеті құқық қорғаушылардың назарына ілікті. Бірін-бірі аямай соққыға жыққандардың төбелесі әлеуметтік желіде тарады. Бұрымдылар өздерін айырмақ болғандарға әл бермеген.

15 жастағы бұл қыздар - қаладағы Бизнес және құқық колледжінің І-ші курс студенттері. Осы оқиғадан соң оқу орны мұғалімдерінен маза қашқан.

«Қыздардан бұрын-соңды мұндай бейәдеп қылық байқамадық»,- дейді олар.

Айтуларынша студент қыздың біріне группаластары жеке басына қатысты сұрақ қойған. Онысы ұнамай қалса керек төбелес басталыпты. Ашулы топты колледждің кезекші мұғалімдері тоқтатыпты.

"Дәл қазіргі жағдайда біздің колледж тарапынан бірнеше жиналыстар өткізілді. Ата-аналармен жиналыс өткізілді. Одан кейін жасөспірімдер ісіне тапсырылды. Дәл қазір сол кісілер айналысып жатыр жұмыстармен. Бізге соттың шешімі берілу керек. Одан кейін педагогикалық кеңестің шешімі болады", - дейді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назерке Қожабаева.

Студенттердің оқуда қалу-қалмауы сот пен педагогикалық кеңестің шешіміне байланысты қабылданады,- дейді колледж басшылары.

Қазір жасөспірімдердің әрекетін сот қарап жатыр.

"Үш жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР Әкімімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекстінің 435 бабы бойынша хаттама толтырылып, Атырау облыстық ауданаралық мамандандырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотына жолданды", - дейді Атырау ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Айша Талапкер.