Атырауда спортшы жігіт өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапты

0
853

Деректерге сай қайғылы оқиға кезінде ол трамадолдың әсерінде болған.


Атырауда спортшы жігіт өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапты

ERNUR.KZ. Атырауда жас жігіт агрессиялы түрде өз-өзін пышақпен жарақаттап, қаза тапты, деп жазады stan.kz.

Полиция қызметкерлері келіп, оны тоқтатуға, көндіруге тырысқанымен бәрі кеш болған.

Желі қолданушылары жас жігіттің күрестен чемпион екенін мәлімдеді. Деректерге сай қайғылы оқиға кезінде ол трамадолдың әсерінде болған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы - өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.