Атырауда суға батып кеткен ер адамның денесі табылды

0
365

Қайғылы оқиға 1 қараша күні кешкі уақытта болған.


Атырауда суға батып кеткен ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Атырауда суға батып кеткен ер адамның денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға 1 қараша күні кешкі уақытта болған.

«1969 жылы туған ер адам Шарон өзеніне батып кеткен. Оның қолдан жасап алған қайығы аударылып кеткен», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, 2 қарашада сағат 19:00 шамасында жергілікті тұрғындар балық аулайтын ау арқылы ер адамның денесін тауып, судан шығарған.