Атырауда тағы бір медбике коронавирус жұқтырды

0
695

Ол 1 сәуірге қараған түні коронавируспен ауруханаға түскен әйелден жұқтырған.


Атырауда тағы бір медбике коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Атырауда тағы бір медициналық қызметкердің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыстық аурухананың 34 жастағы медбикесі мен 21 жастағы науқасы 1 сәуірге қараған түні коронавируспен ауруханаға түскен 28 жастағы әйелмен байланысқандар тізімінде болған.

Қазіргі уақытта олар инфекциялық стационарда емделуде, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып жатыр.