​Атырауда теракт жасаған күдікті шетелде ұсталды

0
970

Оған халықаралық іздеу жарияланды.


​Атырауда теракт жасаған күдікті шетелде ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Елдос Күншығаровты Түркиядан экстрадициялады, деп жазады Baq.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 2011 жылы Атырау қаласының аумағында террористік қылмыстар жасағаны үшін айыпталған.

«Күншығаров лаңкестік жасағаннан кейін шетелге қашып кеткен болатын. Сол кезде оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазақстанның қылмыстық қудалау органдары түрік әріптестерімен бірлесіп әрекет етуі нәтижесінде күдіктіні елге жеткізді. Қазір Күншығаров Атырау қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Жеті жыл бой тасалаған ол сот үкімі шыққанша қамауда болады», делінген хабарламада.