Атырауда терезеден секірмек болған бойжеткенді таяқ пен күректің көмегімен құтқарып қалды (видео)

0
1 086

Қыз бала төртінші қабаттан секірмек болған.


Атырауда терезеден секірмек болған бойжеткенді таяқ пен күректің көмегімен құтқарып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Атырауда қыз бала көпқабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен секірмек болған, деп жазады tengrinews.kz.

Өткен сейсенбіде полицияға Махамбет көшесінің бойындағы үйлердің бірінде қыз бала төртінші қабаттан секіргелі тұр деген хабарлама түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер қызды аман алып қалу шараларына кіріскен. Құқық қорғау органдарына екі жігіт көмектесті. Біреуі балкондар арқылы төртінші қабатқа дейін өрмелеп барып, қызды ағашпен үйге итеріп жіберген.

Полицейлер қала тұрғындары Есенбай Қайыров пен Михаил Катаровқа алғыс хат беріп те үлгерген. Қыз баланың көңіл күйі қандай екені белгісіз.