Атырауда ту ілетін тұғырға 203 млн теңге жұмсалған. Ол құлап қалды

0
526

Тутұғырдағы үнемдеу тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп әкелген.


Атырауда ту ілетін тұғырға 203 млн теңге жұмсалған. Ол құлап қалды

ERNUR.KZ. Атырау облысы прокурорының орынбасары Б.А. Жұмақановтың хабарламасы бойынша, өткен жылдың 20 желтоқсанында Атырау қаласындағы алаң құрылысында 91-метрлік тутұғыр құлаған, деп жазады zakon.kz.

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыруға, абайсыз оқиғаларға жол бермеу және алдын алу мақсатында облыс прокуратурасымен аталған объектіде заңдылықтың сақталуына талдау жасалды.

Нәтижесінде, мердігердің жобалау-сметалық құжаттама талаптарына қайшы, авторлық бақылаушының келісімінсіз сметаға салынған 203 млн теңгеден 3 есе төмен тутұғыр қондырғаны анықталды.

Өз кезегінде, облыстық Құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұза отырып тутұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім берген.

Сөйтіп, мердігердің және жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттерінен туындаған авариялық жағдай адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп әкелген.

Аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша құжаттар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.