Атырауда түсік тастаған әйел ауруханада қайтыс болды

0
279

Ал 17 апталық шақалақтың мәйіті он күннен бері мәйітханада жатқан.


Атырауда түсік тастаған әйел ауруханада қайтыс болды

ERNUR.KZ. Атырау ауруханасында жүктіліктің 17-аптасын өткеріп, түсік тастаған әйел қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Мына адамның әйелі қайтыс болды. Күйеуі баласының 10 күннен бері мәйітханада жатқанын неге бүгін білген? Арызы осы кезге дейін неге қабылданбайды?», - деп жазды белсенді.

Күйеуінің айтуынша, жүкті әйелі ауруханаға түскен. Алайда, оны бір күннен соң шығарып жіберген.

«Әйелім үйге келген соң жағдайы нашарлап, қан құсты. Ауруханаға жатқаннан кейін көз жұмды», дейді күйеуі.

Ал 17 апталық шақалақтың мәйіті он күннен бері мәйітханада жатқан. Шақалақтың қайтыс болғаны туралы әйелдің күйеуіне де, туыстарына да ешкім хабарламаған.

Бұл жөнінде әйелдің туыстары қайтыс болғаны жөнінде анықтама алуға келгенде білген. Қайтыс болған әйел үш жыл бұрын күйеуге шыққан. Оның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалған.