Атырауда "ұлттық" мектепке айыппұл салынды

0
404

Сот қаулысымен 53 603 теңге көлемінде айыппұл салынған.


Атырауда

ERNUR.KZ. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2022-2023 оқу жылына 7-сынып комплектісімен 101 оқушыны қабылдай отырып, тіркеусіз және рұқсатсыз білім беру қызметімен айналысқаны анықталды", - делінген Атырау облыстық сотының хабарламасында.

Сот қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 53 603 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, қыркүйекте бірқатар БАҚ-та Атырауда жеке сәләфилік мектеп заңсыз ашылғаны туралы мақала жарияланған болатын. Блогер Нұргүл Мұқышева айтуынша, бұл оқу орнында қыздар хиджаб пен арабтардың ұлттық киімдерін киеді. Қоғам белсендісі білім министрінен мектепке лицензия бермеуді және дереу жабуды сұрады.