Атырауда жеңіл көлік пен самокат соқтығысты: 6 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

0
1 137

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттарын жинақтап, Атырау қалалық полиция басқармасының анықтау бөліміне тапсырды.


Атырауда жеңіл көлік пен самокат соқтығысты: 6 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

ERNUR.KZ. Атырауда жеңіл көлік пен самокат соқтығысып, салдарынан самокат тізгіндеген 6 жасар бала жансақтау бөліміне түсті, деп жазады sputnik.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 24 шілде күні сағат 21:15 шамасында болған.
"Әбілхайырхан даңғылы бойында самокатпен келе жатқан 2013 және 2017 жылы туған екі бала Hyundai Accent көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан 2017жылғы жеткіншек дене жарақаттарын алып, жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды", - делінген полиция хабарламасында.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттарын жинақтап, Атырау қалалық полиция басқармасының анықтау бөліміне тапсырды.