Атырауда жоғалған екі баланың біреуінің мәйіті табылды

0
1 164

Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасуда.


Атырауда жоғалған екі баланың біреуінің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Атырауда жоғалған балалардың біреуінің денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше кешкісін жоғалып кеткен 9 жастағы екі баланы іздеу жұмыстары түнде құрғақта, таңертеңнен бері суда жүргізілді.

Іздеу жұмыстарына 36 адам мен 6 дана техника жұмылдырылған. Балалардың бірінің денесі Редуть ауылының маңындағы каналдардың бірінен табылды. Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасуда.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар бүгін таңертең Құрсай ауылы маңында жоғалып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, олар жайық өзеніне баруы мүмкін, ал онда мұз өте жұқа. Балалардың екеуі де 9 жаста.