Атырауда жолаушылар пойызы тоқтатылды

0
700

​31 наурыздан бастап "Ақтөбе-Атырау" пойызының маршруты Доссор стансасына дейін қысқарады, ал 2 сәуірден Атырау – Шу пойызы тоқтайды.


Атырауда жолаушылар пойызы тоқтатылды

ERNUR.KZ. 1 сәуірден бастап Атырау стансасында барлық жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

30 наурыздан бастап қалада карантин жарияланды.

31 наурыздан бастап №692/691 "Ақтөбе-Атырау" пойызының маршруты Доссор стансасына дейін қысқарады.

1 сәуірден №313/314 "Атырау-Маңғыстау" және №47/48 "Атырау-Бурабай курорты" жолаушылар пойызы, ал 2 сәуірден №41/42 "Атырау-Шу" пойызының қозғалысы тоқтатылады.

"Атырауға дейін және одан шығатын пойыздарға билет сатып алған жолаушылар оны қайтарып, ақшасын толық көлемде ала алады", - делінген хабарламада.

Атыраудың карантинге жабылуына байланысты автовокзал жұмысын уақытша тоқтатты. Ауданаралық, қалааралық және халықаралық рейстер тоқтатылған.

Азық-түлік базарлары, дүкендер, дәріханалар, коммуналдық және жөндеу қызметтері, тазарту және дезинфекция қызметтері бұрынғысынша жұмыс істей береді.

Соңғы мәлімет бойынша Атырау облысында коронавирус жұқтырған 12 адам тіркелген.