Атырауда жылқыларды азаптап өлтірген ер адам ұсталды

0
1 099

Жантүршігерлік видео WhatsАpp арқылы тарап кеткен.


Атырауда жылқыларды азаптап өлтірген ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Атырауда жылқыларды азаптап өлтірген цех қызметкері ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Жантүршігерлік видео WhatsАpp арқылы тарап кеткен. Жасырын түсірілген бейнежазбада ер адам жылқыларды бірнеше рет басынан балтамен ұрған сәті көрсетілген.

Атырау облысының полиция департаменті цех қала жанындағы Береке ауылында орналасқанын хабарлады.

Сонымен қатар, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жылқыларды азаптап өлтірген ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу ісіне байланысты күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.