Атырауда зираттағы құлпытастарға оқ атылған

0
764

Зираттағы 6 қабірге аңшы қаруымен оқ атылған.


Атырауда зираттағы құлпытастарға оқ атылған

ERNUR.KZ. Атырауда зираттағы құлпытастарға оқ атылған, - деп жазады Tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, атыраулық Сейілхан Манаш тамыздың соңында Талғайран аулындағы мұсылман зиратына барған. Ауыл қала маңында орналасқан. Тұрғын зираттағы 6 қабірге аңшы қаруымен оқ атылғанын байқаған. Олардың арасында Сейілханның анасының да қабірі бар.

"Осыдан бір ай бұрын анам мен әпкемді жерледім. Қабірге кім оқ атуы мүмкін? Бұл - ақылға қонымсыз жағдай", - дейді ол.

Сейілхан Манаш қабірлер қалыпқа келтіргенін айтады. Бірақ полицияға шағым түсірмепті.