Атыраудағы Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам көшірілді

0
477

Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам қауіпсіз орынға көшірілді.


Атыраудағы Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам көшірілді

ERNUR.KZ. Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам қауіпсіз орынға көшірілді. Эвакуацияланған адамдардың 5 мыңы – балалар. Тұрғындар Атырау қаласына, Жылыой ауданында орналасқан "Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды", – деп хабарлады облыстық штабтан.