Атыраудағы құрылысшылар жатақханасында 4 адам жанып кетті

0
1 913

​Атырау облысында «Газтурбиналық электрстансысы» құрылыс нысанының аумағында контейнер типтес жатақхана өртенді. Қазіргі уақытта қаза болған 4 адамның денесі табылды, 4 адам зардап шеккен. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Атыраудағы құрылысшылар жатақханасында 4 адам жанып кетті

фото: inform.kz

Атырау облысында «Газтурбиналық электрстансысы» құрылыс нысанының аумағында контейнер типтес жатақхана өртенді. Қазіргі уақытта қаза болған 4 адамның денесі табылды, 4 адам зардап шеккен. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарабатан «Газтурбиналық электрстансысы» Атырау қаласынан шамамен 40 шақырым жерде, Қызылқоға ауданы аумағында салынуда. Ол вахталық қалашықта орналасқан. Өрт 2 наурыз күні сағат 08.41-де шыққан. «Өрт кезінде жатақханада түнгі ауысымдағы жұмысшылар, шамамен 20 адам болды. Қазіргі уақытта 4 адамның мәйіті табылды. Тағы 4 адам зардап шекті», - деп атап өтті Р.Иманқұлов. Жалын шарпыған аумақ 500 шаршы метр шамасында. Өрт 10.25-те оқшауланып, 10.45-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде. Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облыстық өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.