Атыраудағы Теңіз кенішінде жұмысшы қайтыс болды

0
491

Қосалқы мердігер Infra Del Project жұмысшысы герметикалық тексеру кезінде шланганы қолданған.


Атыраудағы Теңіз кенішінде жұмысшы қайтыс болды

ERNUR.KZ. Атырау облысында орналасқан Теңіз мұнай кенішінде жұмысшы қайтыс болды, деп жазады ulysmedia.kz.

Қайғылы жағдай 24 тамыз күні сағат 16:00-де болған. Қосалқы мердігер Infra Del Project жұмысшысы герметикалық тексеру кезінде шланганы қолданған. Алайда, шланг қысымды көтере алмай, ер адам соққы алып, көз жұмады.

«Теңізшевройл»(ТШО) кәсіпорнына 2022 жылдың 24 тамызында Өркен кентінің құрылыс алаңы маңында «Қазтурборемонт» қосалқы мердіргер компаниясы (Intradel Projects) қызметкерінің тіршілік белгілерінсіз табылғаны хабарланды. Сонымен қатар, ТШО қосалқы мердігер ұйымының басшылығы тиісті мемлекеттік органдарға хабар бергенін біледі. ТШО басшылығы мен қызметкерлері атынан марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз», - делінген ТШО таратқан ресми хабарламада.