​Атыраудың 7 медициналық мекемесіне фермерлер азық-түлік жеткізді

0
299

Жергілікті кәсіпкерлердің бірі - медициналық мекемелерге жалпы сомасы 1 млн теңге болатын қой етін жеткізді.


​Атыраудың  7 медициналық мекемесіне фермерлер азық-түлік жеткізді

Қайырымдылық негізінде жергілікті шаруа қожалықтары ауруханаға ет, көкөністер мен жемістер жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атырау облысының Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы мәлімдеді.

Атырау облыстық фермерлер одағы коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуге шешім қабылдады. Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкерлердің бірі - медициналық мекемелерге жалпы сомасы 1 млн. теңге болатын қой етін жеткізді. Өз кезегінде шаруа қожалықтары жемістер, көкөністер мен сүт өнімдерін әкелді.
"Біз фермерлермен бірге картоп, пияз, қырыққабат, алма сияқты бірнеше өнім түрінен азық-түлік жиынтығын жасап, 7 медициналық мекемені анықтадық. Бұл бір рет қана жасалатын ісіміз емес, бұдан әрі де осы бастамамызды жалғастыру жоспарымызда бар. Онымен қоса, көптеген фермер облыстық денсаулық сақтау басқармасына өз ұсыныстарын жолдады. Дәрігерлеріміз қолдаусыз қалмайды", - деді облыстық Фермерлер одағы төрағасының орынбасары Нұртас Байжанов.
Дәрігерлердің айтуынша, жергілікті фермерлердің көмегі моральдық қолдау ғана емес, сонымен бірге дұрыс тамақтануға септігін тигізеді. Айта кетейік, азық-түлік жиынтығы - шұбат, қаймақ және жергілікті өндірілген көкөністер секілді жүз пайыз экологиялық өнімдерден тұрады
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет