Атыраудың бұрынғы әкімі үйқамаққа ауыстырылды

0
433

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевтың ұсталғаны былтырғы қарашада белгілі болды.


Атыраудың бұрынғы әкімі үйқамаққа ауыстырылды

ERNUR.KZ. Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды. Бұған дейін ол қамауға алынған болатын, деп жазады tengrinews.kz.

Атырау облысы сотының баспасөз қызметі облыс прокурорының өтініші бойынша бұрын қамауға алынған экс-әкімге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілгенін хабарлады.

"Атырау мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 11 қарашадағы қаулысы бойынша, Қ. Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Атырау облысы прокурорының өтініші бойынша Атырау мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысы бойынша, Қ. Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы оның денсаулық жағдайына байланысты үйқамаққа ауыстырылды", - делінген Атырау мамандандырылған тергеу сотының ақпаратында.

Еске салайық, Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевтың ұсталғаны былтырғы қарашада белгілі болды. Сол кезде прокуратура алаяқтық белгілері бойынша Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.