Атыраулық баласының көзінше әйелінің арқасына пышақ сұғып алды

0
612

30 жастағы әйел ауруханаға кеуде тұсына сұғылған пышақ жарақатымен түскен.


Атыраулық баласының көзінше әйелінің арқасына пышақ сұғып алды

ERNUR.KZ. Атырауда күйеуі баласының көзінше әйелінің арқасына пышақ сұғып алды, деп жазады zakon.kz.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"12 сәуірде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі, "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс әкімшілік сотта қаралды. Алайда ерлі-зайыптылар сотта татуласып, іс орта жолдан жабылды. Биылғы жылдың 24 шілдесінде әйел күйеуінің қоқан-лоқы көрсеткеніне шағымданған. Жәбірленушінің арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы, "Қорқыту" бойынша іс қозғалды. Бұл азамат әйелінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін сотпен үш күнге қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасап, "Мой город".

ҚР Қылмыстық кодексінің 115 -бабы бойынша тіркелген қылмыстық іс сотқа жіберіледі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 30 жастағы әйелдің ауруханаға 22 тамыз күні кешке кеуде тұсына сұғылған пышақ жарақатымен келіп түскенін хабарлады.