Атыраулық бойжеткен Facebook-те өзі туралы жарияланған жазбаға қатысты сотқа жүгінді

0
617

Аталған даулы істі Қызылқоға аудандық соты қарады.


Атыраулық бойжеткен Facebook-те өзі туралы жарияланған жазбаға қатысты сотқа жүгінді

ERNUR.KZ. Facebook қолданушыларының бірі өз парақшасында Атырау тұрғынына қатысты жалған ақпаратты қамтитын жазба жариялады. Салдарынан үлкен дау туып, ақыры іс сотқа жетті, деп жазады Zakon.kz.

Аталған даулы істі Қызылқоға аудандық соты қарады.

Facebook қолданушысының өз парақшасында қыздың ар-намысына тиіп, көпшілік алдында қадір-қасиетін кетіріп, қорлағаны, сондай-ақ ол туралы жалған ақпарат таратқаны анықталды, деп хабарлайды "Мой город" ақпараттық порталы.

Жазба авторына ҚР ҚК-нің 131-бабы, яғни "Қорлау" бойынша айып тағылды.

Алайда, тараптар сот залынан тыс келіссөздер жүргізіп, тараптар өзара ымыраға келе алды.

Сот қаулысымен қылмыстық іс тоқтатылды.