Атыраулық құтқарушылар көпірден секіріп кеткен адамды іздестіріп жатыр

0
3 230

Бұл – Атырауда 2023 жылдың басынан бері көпірден секірген үшінші адам.


Атыраулық құтқарушылар көпірден секіріп кеткен адамды іздестіріп жатыр

ERNUR.KZ. 3 қарашада Атырауда жаяу жүргіншілер көпірінен бейтаныс адам Орал өзеніне секіріп кеткен, деп жазады Zakon.kz.

Атырауда төтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері екі қайықпен секіріп кеткен адамды іздестіріп жатыр.


Бұл – Атырауда 2023 жылдың басынан бері көпірден секірген үшінші адам. Бұған дейін секірген бір қыз аман қалса, ал екіншісі мерт болған.

Еске салайық, бұған дейін атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болғантұрғынды құтқарғанын хабарлаған едік.