Атыраулық шенеунік өзіне заңсыз 54 миллион теңге жалақы аударған

0
888

Атырауда білім беру басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Толғанай Көлбаеваға қатысты №2 қалалық сотта үкім шығарылды.


Атыраулық шенеунік өзіне заңсыз 54 миллион теңге жалақы аударған

ERNUR.KZ. Экс-шенеунік сыбайласымен бірге бюджеттен 111 миллион теңге ұрлаған, деп жазады Stan.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2015-2020 жылдары аралығында шенеунік сыбайласымен бірге 111 миллион теңге жымқырған. Оның 54 миллион теңгесін Көлбаева өз қалтасына басса, қалғанын сыбайласы алған.

"Бұл істі өздеріне заңсыз жалақы аудару жолымен атқарған. Көлбаева өзінің және анасының банк картасына ақша аударып отырған", – делінген іс материалында.

Экс-шенеунік өзінің кінәсін толықтай мойындап, тергеу ісіне атсалысып, ұрлаған ақшасын қайтарды. Сот үкім шығарарда осы жайтты және сотталушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар екенін ескерді.
Әйел жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған өмір бойына мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды. Сотталушының кішкентай балалары болғандықтан, сот оның жазасын бес жылға қысқартты.