Ауғанстанда канал салынса Арал теңізіне қалай әсер етеді

0
226

Талибан* су ресурстары мен трансшекаралық өзендер бойынша қолданыстағы халықаралық келісімдердің ешқайсысына қатыспайды, алайда егер Ауған аграршылары Әмудариядан су алатын болса, бұл Қазақстанға да әсер етеді.


Ауғанстанда канал салынса Арал теңізіне қалай әсер етеді

АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Ауғанстандағы Куш-Тепа каналы құрылысының Қазақстанға ерекше әсері жоқ, деп мәлімдеді су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

"Қазақстан аумағы арқылы Әмудария ағып жатқан жоқ, бірақ ол Арал теңізіне құяды. Алайда, өкінішке орай, 2009 жылдан бастап Әмудария Арал теңізіне құймайды", - деді ол.

Бекниязовтың айтуынша, қазір Арал республика аумағы арқылы өтетін Сырдария суымен ғана қоректенеді.

"Сондықтан егер Әмудария бойынша Ауғанстан тарапынан су іріктеу жүргізілсе, біз үшін, Қазақстан үшін ерекше әсері болмайды", - деді вице-министр сенаттағы брифингте.
Соған қарамастан, егер Арал теңізі бассейнінен су алынып жатса, Ауғанстан Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендер бойынша келісу және келісімге келу бойынша қандай да бір іс-шаралар жүргізуге тиіс, деп есептейді Бекнияз.
"Оларды су жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа тарту керек. Негізі Әмударияның Қазақстанның суармалы алқаптарының жай-күйіне тікелей физикалық әсері жоқ", - деп жалғастырды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстанда Әмудариядан су бұратын Куш-Тепа каналы салынып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін Түркіменстан мен Өзбекстанның сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші 80%-тен 65%-ке дейін азаяды.
Тиісінше, көршілес Өзбекстан Аралды қоректендіретін жалғыз су артериясы - Сырдариядан ауыл шаруашылығы үшін су алуды ұлғайтады, бұл тек теңіздің жандануына ғана емес, сонымен қатар оңтүстік өңірлердегі суармалы жерлердің жай-күйіне де әсер етеді.
2023 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті болып сайланды және төрағалық үш жылға Қазақстанға өтті.
* Қозғалыс лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына іліккен.