Ауғанстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді

0
417

Дәрі-дәрмек қораптары әуе жолы арқылы жеткізілді.


Ауғанстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин гуманитарлық және сауда миссиясымен Кабулға барды, деп жазады sputnik.kz.

Дәрі-дәрмек қораптары әуе жолы арқылы жеткізілді. Жалпы көлемі 5 403 тоннаны құрайтын (81 вагон) негізгі гуманитарлық жүк теміржол көлігімен жеткізілді.

Гуманитарлық көмек азық-түлік өнімдерінен (сүт консервілері, өсімдік майы, ұн, қарақұмық) тұрады.

"Президент тапсырмасы бойынша біз Қазақстан халқы атынан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін келдік. Біздің гуманитарлық миссиямыз қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. Осынау мұсылмдандар үшін берекелі уақытта баршаға бейбітшілік пен тыныштық тілейміз", — деді Серік Жұманғарин.

Ауғанстанға сапары аясында Серік Жұманғарин сауда және өнеркәсіп, сыртқы істер, байланыс және телекоммуникация министрлерінің міндетін атқарушы, вице-премьер м.а. Абдул Гани Барадармен кездесті.