Ауру тісін жұлдырам деп жағынан айырылып қалды

0
700

Жақты орнына келтіретін пластикалық отаның сомасы бірнеше миллионды құрайды


Ауру тісін жұлдырам деп жағынан айырылып қалды

ERNUR.KZ. Қостанайлық Ирина Боткова тіс дәрігеріне барған соң жақ-бет хирургиялық отасын жасатуға мәжбүр болған деп жазады nur.kz.

Ару тісін жұлдырғаннан кейін жағынан айырылып қалғанын айтады. Ал қазір оған пластикалық ота ауадай қажет екен.

Иринаның сөзінше, тіс дәрігері панорамалық сурет түсірмей, тісін жұлып тастаған. Нәтижесінде тісінің орнынан қан тоқтамай қойыпты.

"Ол (тіс дәрігері) маған ештеңе ішіп-жемеу керегін айтты, ешқандай дәрі де жазып берген жоқ. Қан тоқтамаған соң екі сағаттан кейін қайта келдім. Бірақ ол кезде тіс емханасы жабық болды",- дейді Боткова.

Қыздың беті ісіп, температурасы көтеріліп, ауруханаға түсіп қалған. Осылайша ол бірнеше ай сыртқа да шыға алмаған. Ал арудың тісі жұлынған жағы іріңдеп кеткен соң дәрігерлер жақ сүйегінің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған екен.

Енді Ботковаға қажетті жақты орнына келтіретін пластикалық отаның сомасы бірнеше миллионды құрайды.

Ал Иринаның тісін емдеген дәрігер тілшілермен кездескісі келмеген. Бірақ Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ақ халаттының әрекетінен ешқандай кінәрат анықтамапты.

Қазір Боткова адвокат жалдап, сотқа арыз жолдады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет