Аурухананың бас дәрігері полицейді басып кете жаздады – желіде видео тарап кетті

0
509

Жақсы ауылындағы орталық аурухананың бас дәрігері көлікті жүргізіп келе жатқанда телефонмен сөйлескен.


Аурухананың бас дәрігері полицейді басып кете жаздады – желіде видео тарап кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы Жақсы ауылында полицейге бағынбаған әйел видеоға түсіп қалды. Ол жергілікті аурухананың бас дәрігері болып шықты, деп жазады Sputnik Қазақстан. .

Видеоға түсірген адамның айтуынша, бұл оқиға 30 қарашада болған. Жақсы ауылындағы орталық аурухананың бас дәрігері көлікті жүргізіп келе жатқанда телефонмен сөйлескен. Оған қоса, белдігін де тақпапты.

"Полиция қымзметкері оны тоқтатып тұр. Бірақ ол құқық қорғаушының заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан кетіп қалды. Сонда бізде Жақсыда бас дәрігерге қарсы шара қолдана алмай ма? Әлде ол сияқты адамдарға заң жазылмаған ба?", - дейді видео авторы.

Ақмола облыстық полиция депаратменті осы оқиға бойынша ресми ақпарат таратты.
"Жақсы аудандық аурухананың бас дәрігеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 2-бөлігі (Қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау) мен 591-бабы, 1-бөлігі (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдалануы) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді", - дейді полицейлер.
Сондай-ақ, Volkswagen Passat пен Hyundai Accent жүргізушілері "Кіруге тыйым салынады" деген белгіні елемегені әкімшілік жауапқа тартылды.