Ауыл әкімі жанып жатқан үйден қыз баланы алып шықты

0
472

Қызыл жалын 70 шаршы метр үйді отқа ораған.


Ауыл әкімі жанып жатқан үйден қыз баланы алып шықты

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданына қарасты Малоубинка ауылдық округінің әкімі 11 жастағы қызды өрттен аман алып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, оқиға түн ортасында болған. Көрші үйдің жанып жатқанын көрген ауылдық округ әкімі Сергей Сомов ауладан үй иесін жолықтырады. Ауызғы үй жанып жатқандықтан, әжей іште қалған 11 жастағы қызға көмектесе алмай тұрғанын айтады. Әкім терезені шағып кіріп, еденде ес-түссіз жатқан қызды алып шыққан. С.Сомовтың әйелі жасанды жолмен дем берген кезде ғана қыз есін жиған.

«Бала үйде ессіз жатқан. Сергей Сомов қызды қою түтін арасынан тапқан. Қызыл жалын 70 шаршы метр үйді отқа орады. Отбасы-дәрігерлік амбулаторияның қызметкерлері зардап шеккендерді Өскемен қаласына жеткізді. Қыз бала әуелі жан сақтау бөліміне жеткізілген болатын. Ал әжесі уланып, денесінің 30 пайызын күйік шалған. Қазір екеуінің де жағдайы тұрақты», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет