​Ауыл мамандарының жалақысы 120 мың теңгеге дейін өсті

0
1 417

Мемлекеттік қызметкерлерге тоқсан сайын олардың тиімді қызметінің қорытындысы бойынша аударылатын болады.


​Ауыл мамандарының жалақысы 120 мың теңгеге дейін өсті

ERNUR.KZ. Маңғыстауда мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеудің факторлық-балдық шкаласын енгізудің қорытындылары талқылануда. Жаңа жалақы төлеу жүйесі Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының шеңберінде жүзеге асқан, деп жазады 24.kz.

Сонымен жыл басынан бері жалақыны 2,5 есеге көтерудің нәтижесінде ауыл мамандарының жалақысы 50 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін өсті.

Жалпы конкурс жарияланған кезде ең төменгі жетекші маман лауазымына 14 адам құжат тапсырған. 2 мыңнан астам адам әкімшілік-мемлекеттік қызметке түсуге ниет білдірді. Осылайша, пилоттық жоба бос орындар санының азаюына ықпал етті.

Айта кеткен жөн, сыйақы төлемдерінің орнына енгізілетін бонустар мемлекеттік қызметкерлерге тоқсан сайын олардың тиімді қызметінің қорытындысы бойынша аударылатын болады. Осының арқасында мемлекеттік қызметкердің 4 лауазымдық жалақыдан 12 лауазымдық жалақыға дейін сыйақы алуына мүмкіндігі бар.

Нұргүл Жанназарова, облыстық МҚІСЖҚІА департаментінің басшысы:

- Бір ауылдық округтерде 28 рет бос орынға хабарландыру жариялап, бірде-бір үміткер болмағанын байқадық. Міне, қазір балдық шкаланың біздің өңірде енгізілуі осы проблеманы түбегейлі шешті деуге болады. Себебі қазіргі күні біздегі бос орындар саны 7%-ға азайды.