"Ауыл" партиясының экс-төрағасы қайтыс болды

0
588

Ғани Қалиев 1938 жылы Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында дүниеге келген.


ERNUR.KZ. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев 86 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп жазады baq.kz.

"Ауыл" партиясының экс-төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев 86 жасына қараған шағында дүниеден озды.

Ғани Қалиев 1938 жылы Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы болып бастаған.

1968-84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988-96);

1984-88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;

1991-1993 жылдары Қазақ КСРО Жоғары кеңесінің депутаты болды;

1991-96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті.

1999-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Ұзақ жылдар "Ауыл" партиясының төрағасы болып қызмет атқарды.