Ауыл тұрғыны коронавирустан айыққанын тойлаймын деп айыппұл арқалады (видео)

0
1 076

Мектеп мұғалімі көршілері мен туыстарын үйіне шақырған.


Ауыл тұрғыны коронавирустан айыққанын тойлаймын деп айыппұл арқалады (видео)

ERNUR.KZ. Қостанай облысының тұрғыны коронавирустан айыққанын тойлаймын деп айыппұл арқалады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Мониторинг тобының мәліметінше, Байғабыл аулындағы мектеп мұғалімі көршілері мен туыстарын үйіне шақырған. Үйде барлығы 10 адам болған. Санитар дәрігерлер дәлел ретінде видео жариялаған.

"Мониторинг тобы көршілері шағымданғандықтан келген. Әйел адам көршілері мен туыстарын үйге шақырған. Әйел адамға 41 670 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деді өңірдің Санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің өкілдері.

Санитар дәрігерлер шектеуге қарамастан облыс тұрғындары құдалық, туған күн және еске алу шараларын жасап жүргенін айтады. Мысалы Жангелді ауданында 100 адам жиналып еске алу кешін жасаған.